Ақтаудағы жарылыстан ер адамның қолы жұлынып кетті

209

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, соның салдарынан пәтер иесінің қолы жұлынып кеткен. Қазіргі уақытта ер адам жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 3 желтоқсанда қаланың 27-ші шағынауданында болған. №49 үйдің тұрғындары сенбі күні түскі уақытта пәтерлердің бірінде қатты гуіл естілгенін айтады. Олардың айтуынша, жарылыстан терезелер шағылған.

Куәгерлер оқиға салдарынан аталған пәтерде тұратын ер адамның зардап шеккенін, оның бір қолы жұлынып кеткенін айтады.

Белгілі болғандай, зардап шеккен ер адам – әскери қызметкер. Ол пәтерде отбасымен бірге тұрған.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі журналистерге оқиға орнынан 1988 жылы туған ер адамның жеткізілгенін хабарлады. Зардап шегуші жансақтау бөліміне жатқызылған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.