Кәсіпкер тіс пастасы үшін жауапқа тартылды

1 510

Фото: Opennews.kz ЖИАқтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында жеке кәсіпкер Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Сотта анықталғандай, 30 қыркүйек 2026 жылы Маңғыстау облысының Әділет департаментінің қызметкерлерімен азамат Т. өтініші негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында жекекәсіпкер Н. «SPLAT» белгісі бар тіс пастасы контрофактілік тауарларды заңсыз сатқаны анықталған.

Сот жаза қолданғанда оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні мойындауын, құқық бұзушылықты алғаш рет жасауын, ал ауырлататын мән-жайлардың жоқ екендігін ескеріп, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 129750 теңге әкімшілік айыппұлды отыз пайызға қысқартып (4325*10=129750/30%) түпкілікті 90825 теңге әкімшілік айыппұл жазасын қолдану жайлы тұжырымға келді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.