Қызметкер үстеме жұмысқа шықса, қанша ақы алуы тиіс

2 500

Фото: PinterestҚызметкерді үстеме жұмысқа тартудың заңда белгіленген тәртібі бар. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті басшысының орынбасары Мұрат Шәкенов айтты, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Баспасөз конференциясында спикер жұмыс уақытынан тыс еңбекке тарту және оған ақы төлеу тәртібіне тоқталды.

– Жұмыс беруші қызметкерді үстеме жұмысқа оның жазбаша келісімі болған жағдайда тарта алады. Бұл Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 77-бабында көрсетілген. Еңбек немесе ұжымдық шартта өзге талап көзделмесе, үстеме жұмысқа ақы кемінде бір жарым есе мөлшерде төленеді, - деді Мұрат Шәкенов.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.