Қазақстанда коммуналдық қызметтер 20-30% қымбаттайды

2 357

Фото: elements.envato.comҮкімет брифингінде жыл сайын тарифтер 20-30% өсетіні айтылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті мұны аса қатты өсім емес деп санайды. 

Тұтынушыларға арналған тарифке ұлттық жобалар аясындағы инфрақұрылымды жөндеуге қызмет көрсету несиелері де, нысан иелерінің инвестициясы да қосылады. Соны ескере отырып, үкімет брифингінде Қазақстанда жыл сайынғы тарифтердің өсімі сұралды.

"Тарифтердің өзгеруіне қатысты ұлттық жобада субсидиялау тетіктері қарастырылған, яғни қарыз тарифке, негізгі қарызға және сыйақы бойынша пайыздық мөлшерлемеге салынады. Тарифке қысымды төмендету үшін республикалық бюджеттен субсидиялар сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтейді, яғни сыйақының 10%-ы тарифке енгізіледі, ал жоғары болғанын мемлекет субсидиялайды. Осылайша, біз тарифтің күрт өсуін реттейміз. Жалпы келер жылы тарифтер 20-30% шегінде көтеріледі", – деді табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев.

Ол 20-30 пайыздық жылдық өсім болатынын нақтылады.

Тимур Қосымбаевтың сөзінше, бір бөлмелі пәтер үшін баға шамамен 3,5 мың теңге, екі бөлмелі пәтер үшін 5-7 мың теңгеге өседі дейді.

"Қазір бір бөлмелі пәтердің орташа есепшоты – 25 мың теңге. Келесі жылы ол шамамен 28-30 мың теңге болады", – деді Қосымбаев үкіметте өткен брифингте.

Бұл ретте ол халықтың осал топтарының өкілдеріне мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатқанын еске салды.

"Аз қамтылған отбасылар мен зейнеткерлер үшін тұрғын үй көмегі қарастырылған, оған тұтынушы жүгіне алады, шығындардың бір бөлігі өтеледі", – деді спикер.

Еске салсақ, қазақстандықтардың айлық табысының5%-ынан асқан коммуналдық қарызды әкімдік төлейтіні айтылды.