Қызылорда мен Ақтөбе әуежайлары шетелдік инвесторларға берілмек

2 574

Фото: ашық дерек көзіБиыл отандық авиакомпаниялар 12 млн-нан астам жолаушыны тасымалдаған. Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев атап өтті, - хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


11 айда отандық авиакомпаниялар 12 млн 300 мың жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға жоғары. Жыл қорытындысы бойынша аталған көрсеткішті 13 млн- ға дейін жеткізу жоспарлануда. Әуежайларда қызмет көрсету көлемі 25%-ға артып, 24 млн жолаушыға жетті.  Айтарлықтай өсім Алматы және Астана әуежайларында байқалады, оларда биыл тиісінше рекордтық 9 млн (+34%) және 7 млн жолаушыға (+26%) қызмет көрсетілді. Әуе тасымалына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін әуежай инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Алдағы жылдың наурыз айында Шымкент, мамыр айында Қызылорда және маусым айында Алматы қалаларындағы жаңа әуежай жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталады. Аталған жұмыстарға 150 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылды, - деді Қарабаев.