Сұйытылған газ бағасы жоғары өңірлер белгілі болды

2 201
Сұйытылған газдың ең жоғары бағасы Алматы облысының Қонаев қаласында тіркелді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы өңірлердегі сұйытылған газдың бағасына зерттеу жүргізді.
Қазстат мәліметінше, сұйытылған газға ең көп ақшаны Қонаев қаласының тұрғындары жұмсайды. Мұнда 50 литр газ 4600 теңге тұрады.

"Сонымен қатар көгілдір отын Қарағандыда – 4380 теңге, Алматыда – 4000 теңге, Семейде – 3886 теңге, Өскеменде – 3733 теңге және Көкшетауда – 3177 теңге тұрады", – деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.