Қазақстан мен Қытай арасындағы агронеркәсіп өнімдерінің сауда айналымы 12%-ға артқан
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қытай Халық Республикасының Даму және реформалау мемлекеттік комитетінің экономика және сауда департаментінің директоры Ван Цзяньцзюньмен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың маңызды бөлігі екенін атап өтті.
2023 жылдың қорытындысы бойынша АӨК өнімдерінің сауда айналымы 1,7 есе өсіп, 1,3 млрд. доллардан асты. 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан мен Қытай арасындағы АӨК өнімдерінің сауда айналымы 648,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% -ға көп, оның ішінде экспорт - 460 млн. АҚШ доллары, импорт - 188 млн. АҚШ доллары.
Өз кезегінде Ван Цзяньцзюнь Қазақстанға келген делегацияның негізгі мақсаты Қазақстан мен Қытай арасындағы бидай саудасы мәселелері бойынша потенциалды пайдалану туралы келіссөздер жүргізу екенін атап өтті.
Тараптар Қазақстан-Қытай бидай саудасы ынтымақтастығын дамыту, логистика мәселелерін талқылады.