Елімізде ірі бизнестен салық түсімі артты

345
Ірі бизнес нысандарынан бюджетке 3 трлн теңгеден аса салық түскен- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Хабар.24 арнасына сілтеме жасап.

 Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36 процентке көп.  Айта өтейік, елде мұндай ауқымды компаниялар саны 343 болса, оның 98-і жер қойнауын пайдаланушылар. Қалғаны экономиканың түрлі секторларында ірі салық төлеушілер. Олар қазынаның жартысына жуығын толтырып отыр.


 Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары 9 айдың қорытындысы бойынша ең ірі көлемде салық төлеген компанияларды да атады.  

 Ануар Сүлейменов, ҚР ҚМ МКК департаментінің директоры:  - Түсімдердің ұлғаюы пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру және салықтық әкімшілендіру саласында жақсарту кезеңіне келді. Тоғыз айда 34 салықтық тексеру жүргізілді. Нәтижесі бойынша 46,5 млрд теңге салық пен өсімпұлдар қоса есептелді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.