Қазақстан нарығында Қытай автокөліктері көптеп сатылуда

320

Қазақстандық азаматтар қытай автокөліктерін көптеп сатып алып жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің ең танымал 15 брендтің қатарына екі қытайлық көлік кірген.

EnergyProm порталының мәліметінше, рейтинг көрсеткіші бойынша 10 орында тұрған Қазақстанда шығарылатын JAC машинасының жылына 2,2 мың данасы сатылса, 15-орында тұрған Haval көлігінің сәуір айынан бері 833-і өз иесін тапқан.

2021 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан Республикасының дилерлерімен 96,8 мың жеңіл және коммерциялық көлік сатылған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,9%-ға артық. Ең көп сатылған көліктердің қатарында Chevrolet – 25 мың, Hyundai – 19,4 мың және Toyota 11,4 мың маркалы машиналары тұр. Қытайлық брендтердің де автокөліктері жақсы өтуде, сатылған көліктердің бір жыл ішіндегі үлесі 2,1%-дан 3,1%-ға дейін өскен.

Желтоқсан айында Ресейде өзін танытып үлгерген қытайлық Chery брендінің елімізде сатылымы басталады. Бұдан былай Қазақстан нарығындағы қытайлық автокөліктердің үлес өседі деп күтілуде.

Ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстанда 9,3 мыңға жуық жеңіл және коммерциялық көлік сатылған және бұл 2020 жылғы қазан айымен салыстырғанда 3,6%-ға артық.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.