Елімізде пияз экспортына салынған тыйым алып тасталды

1 525

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Қазақстан аумағынан пиязды әкетуге салынған тыйым алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Бұл ретте осы жылдың 8 сәуірінен 28 сәуіріне дейін арнайы бұйрықпен республика аумағынан Еуразия экономикалық одағының үшінші елдеріне тек 20 000 тонна мөлшерінде пияз (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0703: 070310) әкетуге квота енгізілді.


Квотаның бүкіл қолданылу мерзімі кезінде тауар әкетуге бір өтініш беруші үшін рұқсат етілген лимит белгіленеді, ол 500 тоннадан аспайды.


Қазақстан аумағынан тауар әкетуге арналған квота көлемін бөлу Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген Қазақстан аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес, фитосанитариялық сертификат беру кезінде БАБЖ АЖ-да автоматты түрде жүзеге асырылады.


Еске сала кетейік, осы жылдың қаңтарында Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен пиязды елден шығаруға тыйым салынған еді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.