АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МИНИСТРІ СЫР ЕЛІНДЕГІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

310

Сыр еліне жұмыс сапары аясында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге Ақжарма ауылының тыныс-тіршілігімен танысып, шаруа қожалығындағы күріш зауытының жұмысын көрді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттiгi.

Басты мақсат – ауылдағы абаттандыру жұмыстарымен және әлеуметтік нысандарымен танысу және шаруашылықтардың өнім өндірудегі тәжірибелерімен танысу.


Ақжарма шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен ауылды көркейту-көгалдандыруға, су жүйелерін жөндеу мен тазалауға, әлеуметтік дүкен мен монша құрылысын салуға, орталық стадионды жөндеуге және өзге де әлеуметтік бағыттарға 310,6 млн.теңге бөлген. Сондай-ақ, құны 122,6 млн.теңге болатын күріш өңдеу зауыты мен астық сақтайтын қойма ғимараттарын салған.


Мұнан кейін ведомоство басшылары Нағи Ілиясов ауылдық округіне барды. 


2250 халқы бар Нағи Ілиясов ауылында «Нұрлы жол» және «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламалары аясында 126,3 млн.теңгеге ауылдық округінің кіреберіс жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 39,7 млн.теңгеге көпбалалы отбасыларға 3 тұрғын үй салынған.


Сондай-ақ, 525,9 млн.теңге қаражатқа 11 көше қайта жаңғырды. 


Ауылдың гүлденуіне қомақты үлес қосқан «Абзал және К» ТС-і жеке қаражаты есебінен ауылды абаттандыру және тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру бағыттарына 797,2 млн.теңге қаржы бөлген. Айталық, 384 млн.теңгеге спорт кешенін салып, 137 млн.теңгеге ауылдық ғимарат жаңадан көтерді. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш құрылысы жүргізілген.


Мұнан кейін министрлер Қызылорда қаласындағы су торабының қайта жаңарту жұмысымен танысты. 
Плотина қиыршық ыспа құм үстіне темір бетонды конструкциясы темір және ағаш шпунттарға орналастырған.


Қайта жаңғырту жұмыстарына бюджеттен 1 млрд.260 млн. теңге бөлінді. Жұмыстар толық орындалған жағдайда Қызылорда су торабынан төменгі ағысқа 1200 м³/с-тен 1900 м³/с-ке ұлғаятын болады.


Бүгінгі таңда Қызылорда облысындағы су шаруашылығы жағдайы тұрақты. Мәселен, Шардара су қоймасына Көкбұлақ су бекеті арқылы сәуір-тамыз айларында түскен су көлемі 3502 млн.м3 құрап, 19 тамыздағы жағдай бойынша 3611 млн. м3 құрады. Өткен жылдың вегетациялық кезеңінде су қоймасына барлығы 2,1 млрд. м3 су келіп түскенін атап өту қажет. Қабылданған шаралардың арқасында жалпы биыл вегетациялық кезең шығынсыз аяқталуда.