Қазақстандық жүргізушілер 1 сәуірге дейін көлік салығын төлеуі керек
Мемлекеттік кірістер комитеті көлік иелеріне 1 сәуірге дейін көлік салығын төлеу керектігін ескертті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3 450 теңге көлеміндегі АЕК қолданылады.
Соманы kgd.gov.kz веб-порталындағы есептегіштің көмегімен немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады. Сомалар туралы ақпарат 2024 жылдың 15 наурызынан кейін "Kaspi Bank" АҚ және "Халық Банкі" АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға push-хабарламалар түрінде жіберіледі.
Қаз
Рус






