Үш баласынан айырылған ана 51 жасында қыз босанды

1 500

Фото: instagram/sadaqmediaМаңғыстау облысында үш баласынан айырылған 51 жастағы Күмісай Палекеева тағы да ана атанды. Ол көптен күткен қызын дүниеге әкелді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

2025 жылдың ақпанында Мұнайлы ауданына қарасты Қаламқас тұрғын алабында әйелдің үш баласы улы газдан уланып, көз жұмған еді. Қайғылы оқиғадан кейін ерлі-зайыптыға экстракорпоральды ұрықтандырудан (ЭКҰ) тегін өтуге сертификат берілген.

Күмісай 51 жасында қайтадан ана атанамын деп ойламағанын айтады. Алайда дәрігерлердің көмегімен ерлі-зайыпты тағы бір сәби сүю бақытына ие болды.

Нәресте 17 қарашада кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Салмағы – 3400 грамм, бойы – 52 сантиметр. Қыздың есімін әкесі Ария деп қойған.

Дәрігерлердің мәліметінше, жүктілік кезінде асқыну болмаған. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.