Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан ер адам қамауға алынды

1 500

Фото: aikyn.kzПолиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында бейәдеп сөздер мен өзге азаматтарға қатысты балағат сөздер айтылған бейнежазбаны анықтады, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жүргізілген  шаралар барысында бейнежазбаның авторы анықталды. Ол – Орал қаласының 30 жастағы тұрғыны Асхат Құмаров болып шықты.

Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Тәртіп сақшылары интернет-кеңістігінде құқықбұзушылықты анықтау және жолын кесу мақсатында ұдайы түрде мониторинг жүргізілетінін, заң талаптарын бұзған адамдар міндетті түрде жауапқа тартылатынын еске салды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.