Қоқыспен күрескен Төретам

1 146

Фото:  Абзал Калиев2 000-нан астам үйі бар кент халқы көп жылдан бері ғарыш айлағына қарасты 9-алаңның қоқысынан жапа шегіп отырғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Байқоңыр қаласының тұрғындары енді қоқыстағы зиянды қалдықтары таза ауаны ластап жатырғанына наразы.  Төретам кенті мен Ақай елді мекені аумағына жақын орналасқан алаңның күйіне тұрғындар алаңдаулы. Жас пен кәрінің денсаулығына зиянын тигізіп жатқан лас ауамен күрес жүргізу өзекті мәселе болып отыр.

«Қараусыз қалған бұл алаң жайында тиісті орындарға жиі-жиі айтылып келеді. Жергілікті әкімдіктен бастап бұл орынды білмей, көрмей отыр деп айта алмаймыз. Қандай да бір әрекет жасауға асығар емес. Ең бергісі, осы 9-алаң арқылы өтетін Төретам кенті мен Ақай елді мекенін жалғайтын тасжолдың да күйі қашып тұрған еді. Бұл жолдың жайы да талай жыл жыр болды. Бертін келе сол жолды ауыл жастары бірігіп, жамап-жасқап, қалпына келтіріп қойды. Ал қоқысқа толған қалашық сол күйінше әлі де қараусыз жатыр. Тиісті орындарға осы түйткіл төңірегінде тарқатып айта бастасақ, қалашықты қоқыстан тазарту қыруар қаржыны талап ететіні тілге тиек болады. Бұл құрылыс қалдықтарына көмілген алаңның артында қаншама гектар игерусіз жер жатқанын ешкім қаперге алып отырған жоқ», – деп ашынады кент тұрғыны Күләш Сейілбаева.

Тұрғындардың айтуынша, Байқоңырдағы Ресей өкілеттігі тарапынан Қазақстанның газын пайдаланып отырғанымен, «Ресейден мазут алдырып отырмыз» деген желеумен қымбат тарифпен, ай сайынғы төлемақы алып отырғанын алға тартады. Бұл мәселе де ел билігі тарапынан оңтайлы шешілгенін қалайды. 

Онсыз да қымбатшылықтың құрсауында отырған байқоңырлықтар мен зымырандардың зардабын өзгелерден бұрын сезінетін төретамдықтардың талабы жалғыз. Елдің талап-тілегі ескеріліп,кент  қоқыстан тазартылғанын қалайды.