Жол ережесін мүлдем бұзбаған көлік жүргізушілері марапатталды
Шымкентте жол ережесін бірнеше жыл бойы мүлдем бұзбаған көлік жүргізушілері марапатталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Тәртіпті жүргізушілерді қалада тұңғыш рет жүргізілген ерекше рейд кезінде анықтаған.
Олардың арасында жүргізушілік тәжірибесі ең көбі 57 жастағы әйел. 2004 жылдан бері темір тұлпар тізгіндеген тұрғын осы кезге дейін бірде-бір рет айыппұл арқаламаған.
Осы сияқты мүлдем тәртіп бұзбаған тағы 10 жүргізушіге қаланың Полиция департаменті бастығының алғыс хаты мен тәтті шоколадтар табысталды.