Қызылорда облысында білім бөлімінің қызметкерлері сотталды

1 654

Фото: NUR.KZ / Петр КарандашовҚызылорда облысы Жаңақорған аудандық соты 200 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған 9 адамға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сот талқылауы барысында білім беру жүйесінде жұмыс істемейтін адамдардың есепшотына заңсыз ақша аударылғаны дәлелденді. Қылмыстық іс бойынша негізгі айыпталушылар бас бостандығынан айырылса, қалған 7 сыбайлас бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, шартты түрде сотталды.


Келтірілген шығын ішінара өтелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Айта кетсек, бұған дейін прокурорлар сол аудандағы мектептердің есепшілері мектептерде жұмыс істемейтін адамдардың есепшоттарына заңсыз ақша аударып, жымқырғанын анықтады. Бұл қылмыстық істер бойынша айыптау үкімі шыққан болатын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.