Оқушы өлімі: Сотталғандар жазасын бостандықта жүріп өтейді

1 543

Коллаж: orda.kz6 жыл 8 айға бос бостандығынан айырылған үш сотталушының жазасы өзгертілді. Ақтөбе облыстық апелляциялық сот алқасының қаулысымен сотталғандарға шартты жаза тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, апелляциялық шағым түсіп, істі қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қарады. Апелляциялық шағымды жәбірленуші мен оның адвокаттары, сондай-ақ сотталған Б., М., Т. және олардың адвокаттары мен заңды өкілдері түсірген. 

— Сотталғандардың кәмелетке толмағандығы, кінәсін мойындағаны, іс-әрекеттеріне өкінгені, жәбірленуші тараппен медиациялық келісім жасалғаны және сотталғандардың жазасын жеңілдетуді сұраған жәбірленуші тараптың пікірі ескерілді. Сот алқасы шартты түрде жаза тағайындау туралы шешім қабылдады. Қылмыстық кодекстің 63-бабы бойынша сотталғандар Б., М., Т-ның жазалары шартты деп есептелінді. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды. Апелляциялық қаулы заңды күшіне енді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа ауылында 11 және 10-сынып оқушылары 9-сынып оқушыларын ауыл маңындағы моншаның жанына жинап, оларды ұрып-соқты. Сол кезде 9-сынып оқушысы оқиға орнында көз жұмды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.