Өз балаларын оқтаумен ұрған әйел 6 жылға сотталды

234

Түркістан облысында 3 және 4 жастағы балаларын оқтаумен ұрған әйел 6 жылға түрме жазасына кесілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Түркістан облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 3 және 4 жастағы сәбилерін "үй ішін шашқаны" үшін оқтаумен ұрған 26 жастағы Дина Бабашованы кінәлі деп танып, 6 жылға бостандығынан айырды.


2 мамырда шыққан сот үкімін облыстық соттың баспасөз қызметі бүгін хабарлады. Іс сотқа ақпан айында түскен.


Сот мәліметіне қарағанда, іс жабық қаралған. 26 жастағы жалғызілікті әйел екі қызымен Төле би ауданы Леңгір қаласында тұрған. Үйдегі заттарды шашып ойнаған екі қызын асханадағы оқтаумен тоқтаусыз ұрып, жарақаттаған.


Сот-медицина сараптамасының қорытындысы бір қыз "ауыр", екінші қыз "орташа" жарақаттанғанын көрсеткен. Екеуінің де соққыдан миы шайқалған. Бірінің башпайлары, екіншісінің иығы мен оң қолының саусақтары сынған. Сараптама "сол жақ иық сүйегінің ашық ығысып сынғаны адам өміріне қауіпті" деп бағалаған.


Дина Бабашова тағылған айыпты толық мойындаған, істеген ісіне шын өкінетінін, бас бостандығынан айырмау жазасын тағайындауды сұраған.


Сот Бабашованы Қылмыстық кодекстің "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" (106-бап) және "денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бабымен (107-бап) кінәлі деп танып, 6 жыл түрме жазасын кескен. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.


Бабашова Леңгір қаласында еден жуушы болып жұмыс істеген. Екі қызы Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының қамқорлығына берілген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.