Қостанайда полицейлер 200 келіден аса есірткіні өртеп жіберді

446
Қостанай облысында полицейлер тәркіленген 200 келіден аса есірткіні өртеп жіберді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысы полиция департаментінің аумағында есірткіні жою бойынша акция өтті. Комиссияның қатысуымен 200 килограмнан аса есірткі өртенді. Полицейлердің айтуынша, бұл есірткі қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдемелер болған. Акция, біріншіден олардың қайталама айналымына жол бермеу үшін, екіншіден есірткіге қарсы іс-әрекет ретінде өткізілді.

Шараға Қостанай жоғары политехникалық колледжінің 40-тан аса студенті қатысты.

"Бұл біздің бірінші қатысып отырған бірлескен акциямыз емес, біз нашақорлық мәселесіне бей-жай қарамаймыз, зұлымдықпен бірге күресуіміз керек", - деді волонтер Артур Шихшабеков.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.