Жұмыскер жұмыстан босатқан басшысынан кек алмақ

515
Атырау қаласында  жұмыстан босатқан басшысынан кек алмақ  болған мұғалім айыппұл арқалады - деп хабарлайды "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

11 тамыз күні 54 жастағы Мақат ауданының тұрғыны Атырау облыстық еңбек инспекциясы мен Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына арызданып, бұрынғы басшысы істі болған азаматты жұмысқа қабылдағанын айтқан. Осылайша, ол азаматтың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқан. Аудандық полиция қызметкерлері тексеру кезінде бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын анықтады. Кейін әйелдің жұмыстан шығарылғаны үшін басшысынан кек алуға тырысқаны белгілі болды.

"Қазір аталған азаматшаға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3 бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 326 704 теңге айыппұл салынды", – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.