Жан түршігерлік жол апаты болып, жас қыз қаза тапты

1 720

Фото: видеодан скриншотБүгін, 14 мамыр күні  Алматы-Өскемен тас жолында жан түршігерлік жол апаты орын алып, бір қыз көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Камаз» көлігінің жүргізушісі Алматы-Өскемен тас жолымен 270 шақырым жүріп келе жатып, бұрылыста оң жақ шеткі жолақтан маневр жасап, сол бағытта келе жатқан «Мазда 626» көлігімен соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан Mazda көлігінің жолаушысы қаза тапты.


Осы ретте Жетісу облысы Полиция департаменті патрульдік полицияның взвод командирі Бақытжан Джапаров жолаушыларға ескерту жасады.


«Құрметті жүргізушілер! Естеріңізде болсын! Көлікті басқарған кезде басқа жаққа алаңдауға, телефонды пайдалануға болмайды. Назарларыңызды тек жолға ғана аударыңыздар», – деп атап өтті Бақытжан Джапаров.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.