17 жастағы мектеп бітірушісі өз-өзіне қол салды

264

Қостанай облысы Обаған ауылында 17 жасар қыз өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.


Марқұмның асылып тұрған денесін әкесі көрген. Көз жұмған қаршадай қыз жалпы білім беретін мектепте оқыған. Сыныпта небәрі төрт оқушы болған көрінеді. Білім бөлімінің өкілдері жасөспірімдер арасында ешқандай кикілжің болмағанын айтуда.


Оқушының неліктен өзін өлімге қиғаны әзірге белгісіз. Белгілісі отбасында үш бала бар. Қыршыннан қиылған қыз үйдің кенжесі болған. Полиция сотқа дейінгі тергеу бастады.


“Ұзынкөл ауданындағы 17 жастағы оқушының өз-өзіне қол салу фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.105 баптың 3 бөлімімен.Тиісті сараптамалар тағайындалды”, – дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыр Әбенов.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.