Союз МС-22 ғарыш кемесінде орын алған төтенше жағдай себебі анықталды

218
Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) құрамына кіретін «Союз МС-22» ғарыш кемесіне қатысты жағдайды Роскосмос сараптады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



Мамандар хабарлағандай, 2022 жылғы 15 желтоқсанда ХҒС-та төтенше жағдай орын алды: ресейлік-американдық экипажбен Жерге оралуы тиіс «Союз МС-22» ғарыш кемесінің аспабының және құрастыру бөлігінің сыртқы қабығына зақым келгені анықталды.

Екі апта бойы мамандар кеменің зақымдануының ықтимал себептерін зерттеді. Себептердің бірі ретінде микрометеориттің соғуы деп аталды.

Төтенше жағдайдың себептерін анықтау, кеменің техникалық жағдайын талдау және одан әрі іс-қимыл бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған екі жұмыс тобының қорытындылары тыңдалды.

Кеменің жылуды басқару жүйесінің радиаторының істен шығуы сыртқы механикалық зақым салдарынан екені белгілі болды, - деп жазды Роскосмостың баспасөз қызметі.


Комиссия, сондай-ақ жұмыс топтарының қорытындылары негізінде 2023 жылдың қаңтарында ХҒС ресейлік сегментінің жерүсті мамандары мен экипажының одан әрі іс-қимылдары туралы, станцияның ықтимал өзгеруі жайындаұйымдастырушылық шешімдер қабылданатынын мәлімдеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.