400-ге жуық мал айдап кеткен: 34 млн теңге шығын келтірген ұрылар қолға түсті

1 500

Фото: Видеодан скринЖамбыл облысында 400-ге жуық мал ұрлаған күдіктілер қолға түсті. Полиция қызметкерлері бірнеше рет мал ұрлады деген күдікпен төрт адамды ұстады, - деп хабарлайды   Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында олардың соңғы төрт айда бірнеше рет мал ұрлағаны анықталды. Полицияның мәліметінше, қорада тұрған, сол сияқты жайылымдарда жайылып жүрген 384 бас ұсақ мүйізді мал ұрланған. Жалпы шығын – 34 млн теңге. Тергеу барысында полицейлер заттай дәлелдемелер жинап, куәгерлер мен күдіктілерден жауап алды.

«Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты бірнеше рет аса ірі мөлшерде жасалған мал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлайды облыстық ПД. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.