«Қасын алмаспен қырып тастаған»: 15 жасар қызды сексуалдық құлдықта ұстаған
Қырғызстанның Ош қаласында 15 жастағы қыз бір айдан астам уақыт бойы сексуалдық құлдықта болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қырғызстан Республикасы омбудсмені баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жасөспірімнің өкілі Жахангир Сайфуллаев Қырғызстанның ақиқатшысы (омбудсмені) Жәмила Жаманбаеваға хабарласты. Ол зардап шеккен қыз бала бағынбағаны үшін жазаланғанын және барлығы бейнеге түсіріліп, қазір желідегі мессенджерлерде таралып жатқанын айтты.
Ж.Жаманбаева құқық қорғау органдарының басшыларын зорлық-зомбылық көрген 15 жастағы қыздың құқығын қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырады. Қазір оған заңгерлік көмек көрсетіліп жатыр. Зорлық-зомбылық құрбаны ұзақ мерзімді оңалтуды қажет етеді. Ол қылмысқа қатысқандардың барлығы бостандықта жүргендіктен өз өмірі үшін қорқады. Ақиқатшы құқық қорғау органдарынан адам саудасының құрбандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шара қабылдауды талап етеді.