Жылу электр орталығы толықтай мемлекет меншігіне қайтарылды

1 565

Фото: taraztec.kz«Таразэнергоорталығы» АҚ-ның барлық (100%) акциялары мемлекет меншігіне өтті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тергеу барысында айыпталушылар заңсыз монополиялық жоғары табыс алу мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны анықталған. Күдіктілер мемлекетке тиесілі 4,3 млрд теңгені жымқырып, бұл қаражатты бақылауындағы қолма-қол ақшалай айналым жасайтын кәсіпорындар арқылы заңдастырып отырған.

Сот үкімімен қылмысқа қатысы бар 8 адам 3 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.