Қорада болған өрттен үш баланың сүйегі табылды

321
Атырау облысында болған өрттен үш баланың мәйіті табылды- деп хабарлайды Opennews.kz ақапарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 5 қазан күні кешкі сағат жеті шамасында Махамбет ауданындағы Ортақшыл ауылында болған.

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті мәліметіне сәйкес, Ж.Жаскеленов көшесі, 23 үйдің шөп қорасынан өрт шыққандығы туралы хабар кешкі сағат 19:27 шамасында түскен. Кейін шөп қораның бұрышынан үш жас баланың сүйегі табылған.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, сүйегі табылған балалар 2012, 2014 жылдары туылған И. М., Н.Б., Р.С. есімді балалар болуы мүмкін деген болжам бар.