Журналист Индира Жылқайдарова көз жұмды

1 500

Фото: ADYRNA.KZҚазақстандық журналист Индира Жылқайдарова өмірден өтті, - деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы тележүргізуші Санди Сұлтан инста парақшасында хабарлады.

Санди Сұлтан марқұммен бірге «7 арнада» жұмыс істегенін айтып, әріптесін мейірімді, ашық-жарқын әрі өз ісіне берілген кәсіби маман ретінде еске алды.

Индира Жылқайдарова еңбек жолының көп бөлігін «Хабар» агенттігі мен «7 арнада» өткізген. Ол бірнеше жыл бойы парламенттік журналистика саласында қызмет етіп, Мәжіліс депутаттарының жұмысы мен заң шығару үдерісін ақпараттандырды.

Әріптестерінің айтуынша, журналист соңғы жылдары ауыр дертпен күрескен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.