"Жаңа Қазақстан" жайлы бейнероликке 9,7 млн теңге жұмсалмақ

300

Фото:https://www.lada.kz/Солтүстік Қазақстан облысында "Жаңа Қазақстан" жайлы бейнероликке 9,7 млн теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік сатып алу порталында «Екінші Республика. Жаңа Қазақстан» атты жобаны іске асыру үшін бейнеролик және сюжет түсіруге арналған лот жарияланды.  Солтүстік Қазақстан облысының халық шығармашылығы орталығы ұзақтығы екі минуттан 60 минутқа дейінгі бейнероликке 9 млн 750 мың теңге ұсынбақ. Портал мәліметіне сүйенсек, видеолар ауыл өмірі, ұрпақтар сабақтастығы, «Солтүстік Қазақстан облысындағы өмірге конституциялық өзгерістердің әсері» туралы болады.


Лот сайтқа жарияланған, 22 маусымға дейін өтініш қабылдайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.