9-сынып оқушысының өліміне күдікті әкім қызметінде жүр

1 561

Жетісу облысында 9-сынып оқушысын көлігімен қағып мерт қылған әкім әлі қызметінде жүр, - деп хабарлайды “Opennews.kz” ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Бақтиярова Әлия Маратқызы 2018 жылдың 3 сәуірінен бастап Көксу ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. Ол бұған дейін ешқандай заң бұзушылық жасамаған, бұрын сотталмаған.

Қазір қызметінде жүрген әкімге жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстары аяқталған соң, тиісті шара қолданылатыны жеткізілді.

“Полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Егер аудан әкімінің кінәсі дәлелденсе, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, – деді Кербұлақ ауданының әкімдігі.


Еске салсақ, оқиға Биғаш ауылында болған. Тергеу мәліметінше, Hyundai Creta көлігін Көксу ауылдық округінің 39 жастағы әкімі басқарған.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.