Қомақты ақша жымқырған бапкерлер сотталды

1 575

Sputnik / Абзал КалиевШымкент бапкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сот үкімімен Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт мектептерінің жаттықтырушылары бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша 1 және 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.


Сот талқылауы барысында жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылға дейінгі мерзім аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған жол жүру құжаттарын ұсынып, 6 миллион теңгеден аса қаржыны жымқырғаны анықталды.

Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.         


Құқық қорғау органдары мемлекет қаржысын ұрлауға қарсы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.