Қызылордалық шенеуніктер балалар лагерінің ыстық тамағына бөлінген 335 миллион теңгені жымқырған

1 473

Балалардың жазғы лагеріндегі ыстық тамаққа есептелген 335 миллион теңгені Қызылорда облысындағы аудан әкімдігінің алты экс-шенеунігі жымқырғаны туралы іс бойынша,  сот шешімі шығарылып, оларды 7 жылдан 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру мен мүлкін тәркілеу жазасына кесті- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stаn.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Іс сотта дәлелденді. Өткен жылы пандемияға байланысты балалар лагері жұмыстары тоқтатылған болатын. Алайда, сәуірден қарашаға дейін Шиелі аудандық білім басқармасының бұрынғы сектор меңгерушісі мен есепшісі мектеп оқушыларының жазғы демалысы мен ыстық тамақтарын ұйымдастыруға жұмсалған қаржы деп жалған төлем құжаттар жасаған. Бұл іске жергілікті кәсіпкер де көмектесіп, бөлінген ақшаны өз қалталарына қаққан.

Тергеуші Аймұрат Абаевтың айтуынша, жымқырылған ақшаға 2020 жылғы Toyota Camry, Lexus GX 460 және Lexus ES 350 маркалы көліктер мен еуропалық брендтердегі жиһаз, ыдыс аяқ, киімдер сатып алынғаны белгілі болған.

Тергеу бес айға созылып, сот отырысы барысында қылмыстың барлық фактілері анықталған. Ашық және нұсқамалық сипатта болған сотта үкім бойынша облыс әкімдігінің төрт бұрынғы қызметкері мен екі сыбайласы мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот процесіне болашақта бұндай жемқорлықтың соңы немен аяқталатынын көрсету мақсатында жергілікті әкімдіктердің барлық қызметкерлері қатыстырылды.