Қызылорда облысында 44 құқық бұзушылық анықталды

239
Қызылорда облысында “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 44 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Облыс көлемінде “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында 44 құқық бұзушылық анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша 30 дерек анықталды. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1,2,3,4-бөліктері бойынша 7 факт тіркелді. 

Сырдария ауданында бір заңсыз аңшылық дерегі анықталды. Сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

 Рейд кезінде облыс тұрғындарынан ІІО-да тіркелмеген 4 аңшы мылтығы анықталып тәркіленді. Анықталған деректер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.