Заңсыз алкоголь өнімдері тәркіленді
Еліміздің солтүстік аймағынан 10 тоннаға жуық заңсыз алкоголь өнімдері табылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy. порталына сілтеме жасап.
Заңсыз өндірілген спиртті сұйықтықтың жалпы көлемі 9,5 тонна болған.
Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында тиісті құжаттарысыз қомақты көлемде алкоголь өнімін одан әрі өткізу мақсатында заңсыз тасымалдау және сақтау әрекеттерінің жолын кесті.
Құрамында спирті бар сұйықтықтың жалпы құны 18,5 миллион теңгеден асады.