Алматыда жастар арасында жаппай төбелес болған

1 517

Фото: Видеодан скриншотӘлеуметтік желілерде Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады. Кадрлар Telegram-арналардың бірінде жарияланған. Жазбада төбелес мұз айдынында болғаны және жас жігіттердің бірін кастетпен ұрған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, бұл дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалған.

Полиция жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, бөлімшеге жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал жас адамдар арасында тұрмыстық себеппен туындаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция өкілдері жанжалға қатысқан әрбір адамның әрекетіне заң аясында құқықтық баға берілетінін атап өтті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.