Суға батып кеткен 8 жасар бала төрт күннен бері іздестіріліп жатыр

1 517

Фото: ©видеодан алынған скринТүркістан облысы Келес ауданында суға кеткен баланы іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, Келес өзенінде 8 жасар бала суға батып кеткен соң іздеу-құтқару жұмыстары басталды. Жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ құтқарушылары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Анасының айтуынша, бала 23-ші наурыз күні сағат 17:00 шамасында ойнап жүрген кезде суға құлап кеткен. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын жалғастырып, баланы анықтау үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланып жатыр.

- 2018 жылы туған баланы іздеу-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ тұрғындар мен туыстары жұмылдырылды. Жалпы 120-дан астам адам, 15 техника, 2 жүзу құралы және 2 ұшқышсыз ұшу апараты тартылған, - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары, полковник Асқат Ержанов. 

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. (Видео)

- ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді, - деп нақтылады ведомство. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.