Екінші ауысымда оқитын оқушылардың сабақтары қысқарды

1 594

Екінші ауысым сабақтарының уақытын 35 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Астана қаласының Білім басқармасы екінші ауысымда оқитын оқушылардың сабақтары қысқарғанын мәлімдеді, деп хабарлады 

«Астана қаласының Білім басқармасы ауа райы жағдайларын ескере отырып, екінші ауысым сабақтарының уақытын 35 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Сабақ соңында оқушыларды мектептен ата-аналары немесе заңды өкілдері алып кеткені дұрыс», –делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қолданыстағы ережелерге сәйкес жаңбыр мен көктайғақ сабақтарды тоқтатуға негіз бола алмайды.


Сондай-ақ, әрбір ата-ана сынып жетекшісіне алдын ала хабарлай отырып, баланы мектепке жібермеуіне болады.