Батыс Қазақстанда 58 жастағы әйелді зорлап өлтірген күдікті ұсталды

294

Фото: Александр Миридонов / КоммерсантъБатыс Қазақстан облысында 58 жастағы әйелді зорлап өлтірген күдікті ұсталды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, оқиға 29 тамыз күні Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында болды.

«Сағат 13.00-де өзінің мекенжайынан 1964 жылғы әйелдің мүрдесі табылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігіне (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.