Атырау облысында 15 пәтерді тонаған күдіктілер ұсталды

466

Атырау облысының Жылыой деп аталатын ауданында 15 пәтерді тонаған күдіктілер құрықталды.
Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 12 наурызда аудан орталығы – Құлсары қаласында жедел іс-шаралар жүргізген. Іс-шара кезінде пәтер ұрлығы қылмысына күдікті 1995 және 1994 жылы туған екі тұрғын ұсталды. Олар – Құлсары қаласының тұрғындары.
 "Тексеру кезінде күдіктілердің Жылыой ауданында тіркелген 15 пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды. Сонымен қатар, күдіктілерден алтын бұйымдар мен электрондық техника табылып, тәркіленді", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
 Қазір ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.