Шахтада жұмысшы газдан уланып, көз жұмды

1 513

Фото: industrial-union.orgАбай облысындағы Орлов шахтасында жазатайым оқиға болды: екі жұмысшы зиянды газдан уланған. Олардың бірі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған, екіншісіне медициналық көмек көрсетілген, - деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі  Sn.kz порталына сілтеме жасап.

Кенішке иелік ететін компания мәліметінше, 19- шы наурызда таңертең Орлов шахтасының диспетчеріне ақпарат түскен. Газдан улану белгілері бар екі жұмысшы анықталған. Зардап шеккендердің бірі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған. Екінші жұмысшыға медициналық көмек көрсетілген, жағдайы тұрақты.

"KAZ Minerals тобы Абай облысындағы Орлов шахтасында жазатайым оқиға болғанын терең өкінішпен хабарлайды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. KAZ Minerals тобының басқарма төрағасы Андрей Третьяков жазатайым оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін Орлов шахтасына барды", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Компания қаза тапқан жұмысшының отбасына жан-жақты көмек көрсететінін хабарлады.