Қостанайда өрттен зардап шеккен әр үйге 25 миллион теңгеден беріледі

197

Фото: ТЖДҚостанай облысында өрттен зардап шеккендерге баспана салуға 2,3 млрд теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

AstanaTV-ның мәліметінше, бұл қаражаттың ішінде инфрақұрылым да бар. Сумен, электр энергиясымен қамтамасыз етіп, жол салынатын болады. Үй салынатын әр учаске 10 сотықтан болады. Үйдің жалпы аумағы – 100 шаршы метр.

"Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров: «Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігінен бірінші бюджеттік өтінім келді. Осы бюджеттік өтінімге сәйкес 2,3 млрд теңге Үкімет резервінен бөлінеді. Бұл нысаналы қаражат. Ол үй құрылысына жұмсалады. Бүгінгі есептеулерге сәйкес, бұл қаражат 91 үй салуға бөлініп отыр. Әр үйге шаққанда 25 млн теңгеден келеді", – деді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.