Әкесі 12 жасар қызының ернінен сүйгені дұрыспа? Полиция тексеру бастады

1 744

Фото:© Видеодан скринҚазақстандық Threads желісінде ер адамның туған күн тойлау кезінде 12 жастағы қызын сүйген видеосы қызу талқыланып жатыр., - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Пайдаланушылардың бір бөлігі мұндай әрекетті орынсыз деп санап, баланың жеке шекарасы бұзылды деп мәлімдеді, ал басқалары бұдан ешқандай әдепсіздік көрмеді.

Бастапқы жарияланымның авторы отбасылық видеоның өз рұқсатынсыз таратылғанын айтты. Ол құқық қорғау органдарына жүгінбек ниетте. Талқылауға адвокат Аянхан Омаров та қосылды: ол ер адамның әрекетін ҚР ҚК-нің 124-бабы бойынша ықтимал бұзушылық белгілері тұрғысынан тексеру туралы ІІМ-ге өтініш жолдағанын хабарлады.

Құқық қорғаушы Ляззат Ракишева да жағдайға қатысты пікір білдіріп, оны тәуелсіз балалар психологының қатысуымен құзыретті органдар бағалауы қажеттігін атап өтті.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалғаны немесе ер адамның әрекетінде құқыққа қайшы әрекеттер анықталғаны туралы ресми ақпарат жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.