Екі қызылордалықтан марихуана мен гашиш тәркілен

169
Екі қызылордалықтан 4,3 келі гашиш пен 4,8 келі кептірілген марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



11 қараша күні “Рефлекс-2022” ЖПІШ шеңберінде Қызылорда облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлерінің алынған жедел ақпараты бойынша 65 және 40 жастағы қала тұрғындарын есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін ұстады. 


Ұсталған күдіктілердің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде полиция қызметкерлері 9 келіден аса ірі мөлшерде есірткі затын тәркіледі, оның ішінде 4 келі 272 грамм “гашиш” және 4 келі 842 грамм кептірілген марихуана.

Сонымен қатар, заттай дәлелдеме ретінде есірткі затын өлшеуге арналған электронды таразы мен ақшалай қаражат тәркіленді. Қазіргі таңда күдіктілер ұсталып, қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.   


Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сату, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.