Қазақстанда көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмек неге қайта қаралуда

1 524

Фото: Pixabay.comМинистр Светлана Жақыпова көпбалалы отбасыларға арналған жәрдем ережелерінің не себепті қайта қаралып жатқанын түсіндіріп берді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, бұл өзгерістер бюджет тапшылығымен байланысы емес.

"Бұл ең алдымен қазақстандықтар арасында әлеуметтік игіліктерді әділ бөлуді көздейді. Себебі конституцияға сәйкес, барлық азаматтар тең құқыққа ие.Бұл жұмыс өңірлерде әлеуметтік қамтамасыз етудегі теңсіздіктер анықтала бастаған кезде қолға алынды. Баршамыз білеміз, мегаполистердегі әлеуметтік пакет шалғай ауыл-аймақтармен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Сол себепті барлық азаматтарға әлеуметтік қолжетімділікті теңдей қамтамасыз ету үшін әлеуметтік саясат толықтай қайта қаралуда", – деді Светлана Жақыпова.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұл ретте "ешкімнің құқығы шектелмейтінін" алға тартты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.