Мұғалімді итеріп жіберген оқушының анасы жазаланды

233
Атырауда мұғалімді итеріп жіберіп, жарақаттануына себепші болған оқушысының анасы жазаланды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



11 қазан күні Атыраудағы мектептердің бірінде тарих пәнінен БЖБ (бөлім бойынша жиынтық бағалау) тапсыру кезінде мұғалім жетінші сынып оқушысынан тапсырманы неге орындамай отырғанын сұрайды. Жауап ретінде жасөспірім мұғалімді дөрекі түрде итеріп жібереді. Мұғалім еденге құлап, оң қолынан жарақат алды.

Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында баланың анасына қатысты істі қарағаны белгілі болды. Оған бала тәрбиелеу міндетіне салғырт қарады деген айып тағылды.

Кінәсін мойындаған жағдайда сот әкімшілік айыппұл сомасын 30 пайызға азайтуға құқылы. Сот шешімімен кәмелетке толмаған баланың ата-анасы кінәлі деп танылып, оған 21 441 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік айыппұл салынды. Бұл айыпталған баптың санкциясында көзделген айыппұл сомасының 30 пайызын құрайды, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.