Тегін жер алу кезегінде нешінші болып тұрғаныңызды қалай тексеруге болады?
Тегін жерге өтінім берген қазақстандықтар кезекте нешінші болып тұрғанын тексеруге болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
2021 жылы наурыздан бастап Қазақстанның электрон үкімет порталында жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға кезекке тұру қызметі іске қосылған болатын. Осылайша қазақстандықтар 10 сотық жерді алуға өтінім бере бастады. Өтінім бергенімен кезекте нешінші болып тұрғанын тексеруге болады. Оны қалай тексереміз?
Ең алдымен, Бірыңғай Мемлекеттік Жылжымайтын мүлік кадастрының сайтына кіреміз. Сайтта жер учаскесін алуға кезекте тұрғандардың тізімі бөлімін таңдаймыз.
Бұл жерде кезекті толық аты-жөніңіз бойынша немесе нөмір бойынша тексере аласыз.
Аты-жөніңізді құжат бойынша жазғаннан кейін кезек нөміріңіз, аты-жөніңіз, өтінім нөмірі, өтінім берген күніңіз, кезекте тұрғаныңыз немесе кезекте тұрмағаныңыз және жер телімі берілетін аймақ туралы ақпарат болады.
Кезекте тұрмасаңыз және ақпарат қате болса өтініш бере аласыз.
Артынша ЭЦҚ арқылы Egov мемлекеттік қызметі арқылы өтінішіңізді қарай аласыз.
Айта кетейік, 18 жастан асқан кез келген қазақстандық жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер телімін тегін ала алады. Бұл ретте сізде жылжымайтын мүлік - пәтер, үй, гараж, жер учаскесі бар-жоғы маңызды емес. Дегенмен, тұрғын үйді пайдалануға беру актісіне қол қойғаннан кейін ғана жер иесі атанады.
Жерді Қазақстанның кез келген өңірінен алуға болады. Ол үшін тұрғылықты жердің және тұрғылықты жер бойынша тіркеудің қажеттілігі жоқ. Қазақстандықтар кезекке онлайн тұра алады. Ол үшін компьютер және ЭЦҚ-кілт қажет. Ары қарай электрон үкімет порталына өту керек, осы қызмет атауын іздеу жүйесіне енгізуге болады немесе "Жылжымайтын мүлік" - "Жер қатынастары" бөлімінде "Жекеменшік тұрғын үй салуға немесе жер телімін алуға жер телімін қарау немесе алу үшін кезекке қою" қызметін таңдауға болады.
Бастапқыда үй салынып, пайдалануға берілгенге дейін учаске уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беріледі. Шартта игеру мерзімі көрсетіледі. Оны жергілікті әкімдік анықтайды. Тұрғын үйді пайдалануға беру туралы актіге қол қойылғаннан кейін ғана меншік иесі бола аласыз.