Базар маңынан әйел адамның мәйіті табылды

1 500

Фото: istockphoto.comАстанада «Шапағат» базарының жанында әйел адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады. Қайғылы оқиғаны Полиция департаменті ресми түрде растады, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Желіде тараған мәліметтерде әйел адамды өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады. Алайда Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Сауда орталығының маңында 47 жастағы әйел адамның денесі табылды. Оның мәйітінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша әйел адамның жағдайы аяқасты нашарлаған. Жедел жәрдем келгенше жантәсілім етті», – делінген ПД-ның агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Полиция департаменті әйел адамды өлтіріп кеткені туралы жалған ақпарат таратпау керектігін ескертті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.