Mас жүргізуші төрт жасөспірімді қағып кетті

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИАлматы облысында мас жүргізуші тротуарда кетіп бара жатқан төрт жасөспірімді қағып кетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жүргізуші жол-көлік оқиғасынан кейін тоқтамай, оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқиға Көксай ауылында болған. Көлік кептелісін айналып өтуді көздеген жол талғамайтын көліктің жүргізушісі алдымен жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Сонда да ер адам тоқтамастан, көлікті тротуарға шығарып жіберген. Сол сәтте тротуармен төрт жасөспірім келе жатқан. Олардың екеуі зардап шекті. Олар дене жарақатын алып, жеңіл шок алған.

Алдын ала болжам бойынша, күдікті мас болған. Полиция қылмыстық іс қозғады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.