Mас жүргізуші төрт жасөспірімді қағып кетті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматы облысында мас жүргізуші тротуарда кетіп бара жатқан төрт жасөспірімді қағып кетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жүргізуші жол-көлік оқиғасынан кейін тоқтамай, оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиға Көксай ауылында болған. Көлік кептелісін айналып өтуді көздеген жол талғамайтын көліктің жүргізушісі алдымен жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Сонда да ер адам тоқтамастан, көлікті тротуарға шығарып жіберген. Сол сәтте тротуармен төрт жасөспірім келе жатқан. Олардың екеуі зардап шекті. Олар дене жарақатын алып, жеңіл шок алған.
Алдын ала болжам бойынша, күдікті мас болған. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Қаз
Рус






